Сананың жаңаруы — кемел келешек кепілі

Рухани жаңғыру – өскелең ұрпақтың дара жолы! Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Салауатты да саналы ұрпақ тәрбиелеу – әрбір ұлттың ұлы мұраттарының бірі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы еліміздегі әрбір азаматтың санасына қозғау салды десек, қателеспейміз. Рухани жаңғыру – бұл жеке тұлға үшін де, бүкіл қоғам үшін де өте маңызды процесс. Жастардың санасына осы негіздерді сіңіріп, өткен тарихымызды, салт-санамызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу ұлтын сүйетін барша қазақтың борышы деп білеміз. Мұны жүзеге асыру үшін жоғары сапалы білім мен кең дүниетаным қажет.

Қоғамдық сананы жаңғыртудың басты басымдығы – бәсекеге қабілетті мемлекет қалыптастыру. Сондықтан ұлт құндылықтары мен дәстүрлерін сақтау өте маңызды.

Тұңғыш Президентіміз атап өткендей, мәдениетімізді және ұлттық кодымызды сақтау – жаңарудың жаңа түрінің бірінші шарты. Тарих пен ұлттық дәстүр әрқашан ескерілуі керек.

Елбасының бағдарламалық мақаласы, ең алдымен ХХІ ғасырдағы ұлттық сана мен қоғамдық сананы өзгерту жолдарына ұтымды форматта жалпы анықтама беретін идеялық-идеологиялық мақала. Мақсат – мықты және жауапты адамдардың біріккен ұлтын құру, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара әрекеттестігі негізінде жалпы руханилықты қалпына келтіру. Сонымен қатар, 2014 жылдан бастап елімізде қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті мәдени менталитеті мен жоғары руханилығын қалыптастыруға бағытталған Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасы іске асырылуда.

Біздің халқымыздың болашағы ең алдымен өзінің рухани қуаты мен жасампаздығына, ұлттық санасына байланысты. Материалдық әл-ауқатқа деген табиғи ұмтылыс ұлттың рухани және интеллектуалды өсуіне көлеңке түсірмеуі керек. Рухани байлық пен ағартушылық біздің халқымыздың ең күшті ерекшеліктерінің бірі болып қалуы тиіс.

Диана БОТБАЕВА, Сезім ӘКЕТӨРЕ, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Механика және мұнайгаз ісі» факультетінің «стандарттау және сертификаттау» мамандығының II курс студенттері.

 

 

Пікір қалдырыңыз