Қолжетімді несие шаруаларға үлкен көмек
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ауыл шаруашылығын барынша дамытуға, шағын және орта бизнесті жедел өркендетуге тоқталып, оларға екінші деңгейдегі банктер мен микрокредиттік қаржы ұйымдарынан бөлінетін несие көлемін жылдан-жылға арттыру жөнінде тапсырма берді. Қазығұрт ауданында 2003 жылы құрылған «Қазығұртнесие» серіктестігі ауыл шаруашылығын несиелендіру бойынша тыңғылықты шаруалар атқарып келеді.
Соңғы үш жылдан бері несие желісі жабық тұрған серіктестіктің жұмысы жүріп, шаруа қожалықтарын жеңілдетілген несиелермен қаржыландыра бастады.
Атап айтсақ, былтыр «Іскер» бағдарламасы арқылы мал басын көбейту мақсатында «Балнұр» шаруа қожалығы 5 900 000 теңге, «Рауан» шаруа қожалығы 6 600 000 теңге 6 пайыздық жеңілдетілген несие алып, өз жұмыстарын бастады.
Сондай-ақ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның қаржыландыруымен мал өсіру және оны бордақылау үшін «Агробизнес» бағдарламасы аясында бүгінге дейін 10-ға жуық шаруа қожалығы 9-16 пайыздық екі жылдық каникулымен жалпы сомасы 105 850 000 теңгеге несие алды. Атап айтар болсақ, «Қымбат» шаруа қожалығы 21 000 000 теңге алып, шаруасын дөңгелетіп отыр. Ал, «Сәулембеков» және «Турабаева» жеке кәсіпкерліктері әрқайсысы 4 900 000 теңгеден несиеге қол жеткізген. «Сейдалиев» жеке кәсіпкерлік ұйымы болса 5 600 000 теңге қаржы алған. «Елтай» шаруа қожалығы 8 850 000 теңге, «Сәменсай» шаруа қожағылығы 13 600 000 теңге несиеге ие болған. «Абилда ата» өндірістік кооперативі 34 500 000 теңге қаржы алып, ісін дөңгелетіп отыр.
Қазіргі таңда 186 650 000 теңгеге бірнеше несие жобалары дайындалып жатыр. Алдағы уақытта серіктестік арқылы шаруа қожалықтарын несиелендіру жұмысы жалғаса береді.
«Қазығұртнесие» серіктестігі арқылы 16 пайыздық бағдарламамен несие алатын болса, оның 10 пайызы мемлекет тарапынан субсидияландырылып, 6 пайызын ғана шаруа қожалықтарының өздері төлейтін болады.
Несиелердің негізгі сомасын қайтаруға екі жыл каникул беріледі.
Сонымен қатар, серіктестік «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның қолдауымен 5 пайыздық «Кең дала» бағдарламасы бойынша көктемгі егіс пен егін жинау науқанын қаржыландыруды бастаған. Бұл фермерлер үшін өте тиімді.
Фермерлерге бюджеттік несиелердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін серіктестік «Аграрлық несие корпорациясы» және несиелік серіктестіктер, микроқаржы ұйымдары мен аймақтық инвестициялық орталықтарын да қаржыландырады. Бұл тәсіл бөлінген қаражатты еліміздің шалғай аймақтарындағы ауыл кәсіпкерлеріне жеткізуге мүмкіндік береді.
Е.ЖҮЗБАЕВ, «Қазығұртнесие» кредиттік серіктестігінің басқарма төрағасы.
Аукенов Адай Ибраймжанович
салеметсиздерме менин жеке шаруакожалыкпын жериме егин егин десем ешкандаи техника аламаи жатырмын калаи алсам екен деген туындап тур егин ексем шыгын коп бир техникага жармаи журмин