Бірқатар мемлекетке елшілер тағайындалды

«Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар мемлекетке елші тағайындалды» деп хабарлайды Ақорда сайты.

Рәпіл Сейітханұлы ЖОШЫБАЕВ Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;

Марғұлан Бақытұлы БАЙМҰХАН Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына, Еуропа одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы Өкілдігінің Басшысы лауазымына тағайындалды;

Нұрлан Әділұлы ЖАЛҒАСБАЕВ Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.

 

 

Пікір қалдырыңыз