Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Halyk Bank рейтингін «BB+»-тен «BBB-»-ке дейін көтерді, болжам «тұрақты»

Halyk Bank-ке (BBB -) берген қаржылық тұрақтылық рейтингі (viability rating) – тәуелсіз Қазақстан тарихындағы шетелдік қатысуы жоқ жеке банктер арасындағы ең жоғары және банк қызметінің бүкіл тарихындағы ең үздік рейтинг.

14 сәуір күні Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі (бұдан әрі – Fitch) Halyk Bank-тің ұзақ мерзімді эмитент дефолтының рейтингісін («ЭДР») «BB+» деңгейінен «BBB –» деңгейіне дейін көтерді, яғни болжам «тұрақты». Өсу нәтижесінде Банктің рейтингі алыпсатарлықтан инвестициялық рейтинг санатына өтті (BBB - ден жоғары). Еліміздің тарихында алғаш рет ҚР-дағы жеке коммерциялық банк Fitch-тен инвестициялық санаттағы рейтинг (investment grade) алды, бұрын мұндай деңгейдегі рейтинг тек квазимемлекеттік банктерге немесе шетелдік қатысуы бар банктерге берілген болатын.

– «Банкке берілген рейтингтің деңгейі BBB деңгейіндегі тәуелсіз рейтингке қарағанда небәрі 1 саты төмен екенін атап өткім келеді. Қазақстанның аса ірі, жүйе құраушы Банкі – Halyk Bank рейтингін «инвестициялық» санатына дейін көтеру – бұл тарихи маңызды қадам және жеке алынған қаржы институты шеңберінде ғана емес, жалпы бүкіл ел, бүкіл ТМД нарығы шеңберінде маңызды оң белгі, – деп Halyk Bank басқармасының төрайымы Үміт Шаяхметова атап өтті. – Ол нарықтар қалпына келуге және өсуге дайын екенін білдіреді. «BBB» санатындағы рейтингтер бизнес пен инвесторларға эмитенттің жақсы кредиттік сапасын көрсетеді. Қазіргі уақытта дефолт тәуекелін күту төмен, ал, қаржылық міндеттемелер бойынша төлем қабілеттілігі барабар екенін көрсетеді. Мұндай жағдайда инвестициялық тартымдылық пен инвесторлардың сенімі айтарлықтай өседі. Halyk Bank ТМД-ға шетелдік қатысуы жоқ, қаржылық тұрақтылықтың ең жоғары рейтингісі бар екі жеке банктің біріне айналғанын атап өту маңызды».

Fitch-тің осы рейтингтік әрекеті Halyk Bank-тің 2020 жылғы қаржылық нәтижелері бойынша мықты позицияларын және COVID-19 жаһандық пандемиясына байланысты операциялық ортада жалғасып отырған қысым аясында Банктің активтер сапасын жақсарту жөніндегі ары қарай тиімді іс-шараларын көрсетеді. Осылайша, экономикалық құлдырауға қарамастан, 3-сатыдағы проблемалық активтердің үлесі 2020 жылы 16%-дан 12,3%-ға дейін айтарлықтай төмендеді. Fitch пікірі бойынша, бұл Банктің кредиттік циклдің теріс кезеңінен табысты өткенін көрсетеді.

Бүгінгі таңда Halyk Bank рейтингтері оның үстем нарықтық үлесін, активтерінің сенімді құрылымын, жоғары табыстылығын, капитал мен өтімділіктің елеулі қорларын көрсетеді.

Fitch Halyk-ты «BB» операциялық ортасының бағасынан екі сатыға жоғары бағалайтыны да маңызды, өйткені Halyk-тың кредиттік шығындар бойынша шығыстарға дейінгі жоғары қаржылық көрсеткіштері және капитал/өтімділік бойынша қорлары Банкке операциялық ортаның тәуекелдерін елеулі дәрежеде митигациялау қабілетін береді.

Fitch сарапшылары Банк жылдан жылға көрсетіп келе жатқан тұрақты жоғары қаржылық нәтижелердің ұзақ мерзімді жағымды тарихын, сондай-ақ Halyk-тің экономикалық циклдің теріс кезеңі кезінде де табыс ала отырып, тиімді жұмыс істеу ұтқырлығы мен қабілетін атап өтеді.

Сондай-ақ, Halyk рейтингінің мықты жақтары ретінде Fitch сарапшылары қорландыру мен өтімділікті атады: 2020 жылдың соңында Банктің қорландыру базасындағы депозиттердің үлесі 84%-ды құрады. Fitch Halyk депозиттерінің тұрақтылығын жергілікті ұқсас банктердің көпшілігіне қарағанда анағұрлым жоғары деп санайды, өйткені Halyk елдегі клиенттердің депозиттері бойынша нарықтағы ең жоғары үлеске ие.

***

Halyk Bank (Қазақстан Халық Банкі) – бөлшек бизнес, ШОБ және корпоративтік банктік қызметтер, сақтандыру, лизинг, брокерлік қызметтер және активтерді басқаруды қоса, түрлі сегменттерде жұмыс істейтін Қазақстандағы жетекші қаржы тобы. Банк 1998 жылдан бастап Қазақстан қор биржасында, 2006 жылдан бастап Лондон қор биржасында және 2019 жылғы қазан айынан бастан Astana International Exchange-де листингісі бар.

Активтері 2020 жылғы 30 желтоқсандағы жағдай бойынша 10,387.8 млрд. теңгені құраған Банк Қазақстандағы жетекші кредиттік ұйым болып табылады. Банктің ең ірі клиенттер базасы және филиалдар желісі бар: республика бойынша 611 филиал және бөлімше. Банк сондай-ақ операцияларын Грузияда, Қырғызстанда, Ресейде, Тәжікстанда және Өзбекстанда жүзеге асырады.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR-қызметі тел. +7 727 259 0301, +7 727 333 02820 | pr@halykbank.kz | www.halykbank.kz

 

 

Пікір қалдырыңыз