5 млн. теңгенің тауары тәркіленді

Сарыағаш ауданында орналасқан «Қапланбек» кеден бекетінде заңсыз тауарларды алып өтпек болған Тәжікстан азаматы ұсталған.

Ресейден Тәжікстанға бағыт алған автокөліктен Түркістан облысы МКД және ҚР ҰҚК қызметкерлері бірлесе жүргізген бақылау, тексеру жұмыстары кезінде декларацияланбаған офистік техника тауарлары бары анықталған.

Нәтижесінде жалпы құны 5 млн. теңгеге жуық компьютердің жинақтаушы бөліктері бар тауарлар тәркіленді. Аталған деректер бойынша тиісті шаралар қолданылады.

Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

 

Пікір қалдырыңыз