Заманға сай қабылданған заңнама

әкімшілік рәсімдерді жүргізудегі жаңашыл шешім – Әкімшілік рәсімдік процестік кодекстің жаңа тетіктері

ҚР Әкімшілік рәсімдік процестік кодексі керек кезінде қабылданған заңнама деп білемін. Өйткені, қоғам да, адам да сәт сайын прогресске ұмтылып, әр салада өзіндік жаңашылдықтар пайда болуда. Мәселен, өзіміз күнделікті қолданып жүрген гаджеттерсіз өмір сүруді елестету қиын. Олар уақытты тиімді пайдалану үшін қаншалықты қажет болса, Әкімшілік рәсімдік процестік кодекс еліміздің құқық саласындағы жария-құқықтық қатынастарды реттеуге  соншалықты қажет болып отыр.

Біз ақпараттық технологиялар ғасырында өмір сүріп жатырмыз. Сол себепті әлеуметтік желілерді пайдаланушылар саны күннен-күнге артып, ойын ашық айтатындардың қарасы көбеюде. Олардың кейбірі құзырлы органдардың өзіне қатысты шығарған шешіміне келіспей, ашық түрде айтқан шағымын желілерге таратып жатады. Мұндай әрекеттерге күн сайын куә боламыз десек, артық айқанымыз емес. Мемлекеттік органдар да WhatsApp, Instagram, Facebook әлеуметтік желілері арқылы халықтың пікірін тікелей тыңдау үшін арнайы чаттар мен парақшалар ашып қойған. Құзырлы мекмелер Call-centre орталықтары арқылы кез келген мәселені тиімді әрі жылдам шешіп, елдің алғысын арқалауда. Біздің көз мұндай жұмыстарға да куә. Оның барлығы біздің халық үніне құлақ асатын мемлекетте тұратынымыздың айғағы. Осы орайда әкімшілік рәсімдерді жүргізудегі жаңашыл шешім – Әкімшілік рәсімдік процестік кодекстің жаңа тетіктері деп ойлаймын.

2020 жылдың 29 маусымында қабылданған кодекс жеке және қоғамдық мүдделердің теңсіздігін жоятын құрал. Ол тиімді және бүкпесіз мемлекеттік басақаруды, оның ішінде адамдардың басқару шешімдерін қабылдауға қатысуын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, құқығы бұзылған тұлғалардың дауын әділ, бейтарап және уақытылы шешеді. Бұл дегеніміз жария-құқықтық саладағы заңдылықты нығайту емес пе?

Заңнама талабына сәйкес, 1 шілдеде күшіне енетін кодекс бірнеше қағида негізінде құрылған. Атап айтсақ, заңдылықты, әділдікті, мөлшерлестікті, сенім құқығын қорғауды, формальды талаптарды теріс мақсатта пайдалануға тыйым салып, соттардың белсенді рөлі арқылы жеке және заңды тұлғалардың жария-құқықтық қатынастарын реттейді.

Бейсебек Гүлсезім Байтұрғанқызы, Түркістан облысының

Әділет департаменің құқықтық түсіндіру және халыққа

заңгерлік қызмет көрсету бөлімнің бас маманы,

«Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық бірлестігінің мүшесі.

2 пікір

  • Ахауова Айгерим Оразалиевна
    Ахауова Айгерим Оразалиевна

    Өте орынды айтылған

  • Тохсанбаева Ахмарал Оразгалиқызы
    Тохсанбаева Ахмарал Оразгалиқызы

    Дұрыс айтады,

Пікір қалдырыңыз