Балаңыз дұрыс тамақтанып жүр ме?
Ас – адамның арқауы. Себебі, адам ағзасы тамақты күнделікті қажетті мөлшерде тұтынады. Мысалы, медицинада дәлелденгеніндей, күніне 5 рет тамақтану қалыпты жағдай деп есептеледі. Ересектер ережені қатаң ұстанса, жастардың арасында дұрыс тамақтану тәртібі әлі қалыптаса қоймаған сыңайлы. Әрине, заманына қарай адам әртүрлі тағамды пайдаланады. Мектептердің асханасында тәртіп бойынша таңертеңгі уақытта жеңіл, асқазанға тез сіңімді тағамдар әзірленеді. Әрбір ата-ана баласының табиғи, таза тамақ ішкенін қалайды. Ал, егер баласы мектепке асығып бара жатқан жағдайда күні бұрын даярланып қойған өнімдерді сөмкесіне салып береді. Ал, кейбір ата-ана қалтасына баласы сұраған ақшасын беріп, «дұрыс тамақтан» деп ескерткенімен де ойын баласы тез дайындалатын асқа жүгінуі мүмкін. Олай болудың өзіндік себептері де бар. Біріншіден, әр баланың талғамына байланысты үйдің берген ақшасы таңертеңгі және түскі асқа жетпей, одан артық шығындануы мүмкін. Ондай жағдайда оқушылар неғұрлым тез пісетін, майлы, қуырылған тағамдарға әуестене бастайды. Осылай күнде жалғаса берсе, баланың тамаққа деген тәбеті құрып, ішкі құрылысы нашарлап, семіздік секілді түрлі ауруларға душар болады. Ал, таң атқаннан кеш батқанға дейін жұмыста, я болмаса үйде отырған ата-аналардың олардың не істеп, не қойып жатқанында шаруасы жоқ. Сол себепті баланың өміріне алаңдаған ата-ана біріншіден мектептердегі асханалардың жағдайы мен ондағы берілетін ас мәзіріне, әр баланың тамағына жұмсалатын қаражаттың соған сай болуына баса назар аударулары қажет. Мектеп қабырғасында сапалы тағамдар тұтынғанда ғана оқушы еш алаңсыз сапалы білім ала алады.
А.САРИЕВА, И.РАЙЫМБЕКОВА, Шымкент қалалалық №13 емхана дәрігерлері.
Сапарова Жазира Орынбасар
Мысалы Ақша Берсе Не Тамақ Жимейді Ме ?