Шұжықтың 50-ге жуық түрін өндіреді

Шағын және орта бизнестің отаны атанып кеткен Сайрам ауданында соңғы жиырма жылда көптеген өндіріс орындары мен кәсіп­орындар іске қосылды. Соның бірі – Қарасу ауылындағы «Алма» өндірістік кооперативі. Осыдан он бес жыл бұрын іргесі қаланған өндіріс орны бүгінде шұжықтың 47 түрін шығарып отыр.

Жарты гектарға жуық жерге орналасқан цех айына бір тоннаға жуық өнім өндіреді. Кооператив бүгінде 23 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпорынның іргесін қалап, жұмысын жүргізіп отырған жеке кәсіпкер Ақылбек Шалқаровтың айтуынша, алдағы уақытта кәсіпорын жұмысы бұдан да ұлғаятын көрінеді. «Қосымша жаңа цех ашу жоспарда бар. Ол үшін жаңа ғимарат дайындадық. Енді оған қажетті техникалық жабдықтар алу үшін тағы 50 миллион теңге қажет» дейді ол.

«Бизнестің жол картасы–2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолдау көрген өндіріс орны бүгінгі таңда өз өнімін тек ішкі нарықта ғана саудалап, жергілікті тұтынушылардың сұранысын қанағаттандырып отыр. Ал, шикізатты «Шұбар» асыл тұқымды кешені», «Delice», «Сынар Групп» сынды жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінен алады екен.

«Оңтүстік»-ақпарат.

 

 

Пікір қалдырыңыз