«Оңтүстіктің» қарқыны ересен

Жыл сайын Тараз қаласында жасөспірім футболшылар арасында республикалық «Арман» турнирі өтеді. Дәстүрлі турнирге әр өңірдегі футбол академияларының 19 жасқа дейінгі футболшылары қатысады. Биылғы турнирдің қола жүлдесіне шымкенттік «Оңтүстік» футбол академиясының шәкірттері ие болды.

Топтық турнирде алдымен «Жас Қыран», «Ордабасы» командаларын тізе бүктірген «Оңтүстік» футболшылары одан кейін алматылық «Қайрат» пен жергілікті «Тараз» футболшыларына жол берді. Үшінші орын үшін өткен бәсекеде «Жұлдыз» командасынан басым түсіп, турнирдің қола жүлдегері атанды. «Турнирдің үздік қақпашысы» номинациясына «Оңтүстік» командасының голкипері Мақсат Құрманғазин лайық деп танылды.

«Оңтүстік» футбол академиясының 16 жасқа дейінгі футболшылары да «Nauryz CUP-2021» турнирінде күміс жүлдеге ие болды. Турнир барысында 13 ұпай жинаған олар чемпион атанған «Қайрат» командасына тек доп айырмасы бойынша жол берді. «Оңтүстіктің» футболшысы Нұрдәулет Бейсенбай «Турнирдің үздік қорғаушысы» атанды.

«Оңтүстік»-ақпарат.

 

 

Пікір қалдырыңыз