Әскери техника жазға дайындалуда

Әрбір машинаның тораптары мен агрегаттары, электр жабдығы тексеріледі, сүзгілер жуылады, жанар-жағармай материалдары ауыстырылады.

Шымкент гарнизоны әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері қару-жарақ пен әскери техниканы жазғы пайдалану кезеңіне ауыстыру жоспарына сәйкес жұмыстарын жүргізуде.
 
Техниканы ауыстыру бойынша жұмыстар кезең-кезеңмен жүргізіледі. Мамандар жанар-жағармай материалдары мен материалдық құралдардың техника саны бойынша есебін жүргізеді, құжаттарды әзірлеуге және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Сондай-ақ, әскери қызметшілер жауынгерлік машиналардың әрбір паркінің аумағында тәртіп орнатады, сақтау орындары мен парк үй-жайларына ағымдағы жөндеу жүргізеді.

- Жеке құраммен жұмыс орындарын жабдықтау тәртібі, қару-жарақ пен әскери техника үлгілеріндегі жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптарын зерделеу бойынша нұсқаулық-әдістемелік сабақтар өткізілді. Оларды әскери техниканы пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі басшылық құжаттармен таныстырды, – деп түсіндірді 35748 әскери бөлімі командирінің техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары-бөлім бастығы подполковник Рахматұлла Тасполтаев.

Жанар-жағармай материалдарының барлық түрлері, құрал-саймандар мен қажетті қосалқы бөлшектер алдын ала алынады. Жоспарлы қызмет көрсету шеңберінде техниканың әрбір бірлігінде техникалық жұмыстардың 20-ға дейін түрі жүргізіледі. Әрбір машинаның тораптары мен агрегаттары, электр жабдығы тексеріледі, сүзгілер жуылады, жанар-жағармай материалдары ауыстырылады.

Жұмыстардың сапалы орындалуына, қауіпсіздік шаралары мен өртке қарсы қорғаныстың сақталуына ерекше көңіл бөлінеді. Қару-жарақ пен әскери техниканы дайындау жөніндегі жұмыстар қару-жарақтың, әскери техника мен парктің әзірлігін тексеру мен қорытынды акті жасау арқылы аяқталады.
Пікір қалдырыңыз