ҰБТ-да қандай өзгерістер бар?

Ерболат АЙНАБЕКОВ «Ońtústik Qazaqstan».

Білім және ғылым министрлігі ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа ережелерін бекітті. Биыл ҰБТ электронды форматта болады. Тест тапсыру уақыты 4 сағатқа дейін созылған.

Жоғары оқу орнына түсуге ниеттілер үшін биыл ҰБТ тапсыруға екі рет мүмкіндік берілмек. Наурыз-сәуір айларында тест тапсыру ақылы түрде болады. Оған кез келген адам өтініш беріп, сынақ тапсыра алады. Ал, мектеп бітіруші түлектер, арнаулы оқу орындарының түлектері, Қазақстан азаматы емес тұлғалар, шетелде білім алған азаматтар 15 сәуір мен 30 маусым аралығында өтетін ҰБТ-ға қатыса алады. Бір айта кетерлігі, алғашқы сынақтан құлаған талапкерлер үшін екінші рет сынақ тапсыру мүмкіндігі қарастырылған.

Электронды форматта тест тапсырудың да өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен, бұрын тест тапсырушыға жауапты толтыруға, ұяшықты бояуға, тестілеудің тапсырмаларын орындауға уақыт беріліп келген болса, енді талапкер сынақты бастау уақытын өзі таңдай алады. Талапкерге берілген 4 сағат уақыт «бастау» түймешесін басқаннан соң есептеледі.

Сонымен қатар талапкер қате белгілеген жауапты өзгерте алады. Мәселен, тесттің басында келген сұрақтың жауабы ойына кейін түсуі мүмкін. Ол сол сұраққа қайта оралып, белгілеген жауапты өзгертуіне мүмкіндік қарастырылған. Белгіленген жауаптар «аяқтау» түймешесін басқаннан соң ғана қабылданады.

– Өткен жылы біз ҰБТ-ны пандемияға байланысты қашықтан өткізген едік. Сондықтан ҰБТ-ны электронды форматта тапсыру тәжірибесі бар. Бұл ҰБТ өткізу пункттері үшін жаңалық емес, – дейді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов.

 

 

Пікір қалдырыңыз