Ұстаздар марапатталды

Кентау қаласының 7 оқушысы үстіміздегі жылғы пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінде бірінші орынды иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды. Осыған орай Кентау қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Баянғали Жұмабаев жеңімпаз оқушыларды дайындаған ұстаздарды қабылдап, Алғыс хатпен марапаттады.

– Шәкірттеріңіз үміттеріңізді ақтап, абырой биігінен көрінді. Сіздер үлкен жұмыс атқардыңыздар. Нәтижелі жұмыстарыңыз үшін бөлім атынан сіздерге айтар алғысымыз шексіз, – деді бөлім басшысы Баянғали Жұмабаев.

Алғыс хатпен марапатталған ұстаздар атынан Б.Момышұлы атындағы мектеп мұғалімі Ажар Тәжібаева сөз сөйлеп, еңбектерін бағалаған басшылыққа рахмет айтты.

Асқар Омарханов, журналист.

 

 

Пікір қалдырыңыз