13 оқушы «Елбасы медалімен» марапатталды

Түркістан қаласының мектеп оқушылары «Елбасы медалімен» марапатталды. Жобаға 11 мыңнан астам қатысушы, 600 тәлімгер, 17 өңірлік үйлестіруші мен сарапшы тартылды.

Жобаға қатысушылар спорттағы дайындығын жетілдірді, ұлттық мұраны зерттеді, әлемдік классикалық әдебиет пен қазақ әдебиетінің шығармаларымен танысып, еңбек практикасынан өтті. Сондай-ақ, елдің әр түкпіріне барып, Қазақстан тарихына үңілді және волонтерлік қызметте де белсенділік танытты. Алты ай бойы өздерінің табандылықтарын танытып, шығармашылықтарын шыңдаған, жан-жақты ізденген жеңімпаз шәкірттер нәтижеде қарсыластарынан оқ бойы оза шапты. Олардың қатарында Некрасов атындағы №9, Ататүрік атындағы №17, М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназияларының, Ж.Тәшенов атындағы №23 ІТ мектеп-лицейінің, Ж.Жабаев атындағы №11, Б.Момышұлы атындағы №22, Н.Төреқұлов атындағы №8 және Ә.Науаи атындағы №13 жалпы орта мектептерінің оқушылары бар.

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен «Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры іске асырған «Ел үміті» жобасының жеңімпаздарын медаль, төсбелгі және Алғыс хаттармен марапаттады.

 

 

Пікір қалдырыңыз