Жемқорлықпен күрес – баршаның міндеті

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбайдың жетекшілігімен өткен жиында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына қатысты мәселелер қаралды.

Арман Шәріпбайұлының айтуынша, өңірде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Дегенмен, жаңадан енгізілген реформалар туралы, мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаларға қатысты енгізілген тыйымдар жайлы түсіндірме жұмыстарын күшейту қажет.

– Жемқорлықтың алдын алу бойынша мекемеішілік мәжіліс жасаумен ғана шектелмей, пәрменді шаралар қабылдауларыңыз қажет. Өздеріңізге мәлім, заңнамаларға енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес, қарамағындағы қызметкерлер үшін бірінші басшыға жауапкершілік жүктелген. Осыны естен шығармау керек. Сыбайлас жемқорлықпен күресу – әрбір азаматтың міндеті, – деді Арман Шәріпбайұлы.

Бұл орайда әрбір әкім, тиісті мемлекеттік орган басшылары мен қызметкерлері жұмыс барысында заңдылықтың сақталуына, қабылданған шаралар мен олар жөніндегі ақпараттардың ашық және қолжетімді болуына мүдделі болуы тиіс.

Мәжіліс қорытындысы бойынша қала, аудан әкімдеріне және облыстық басқарма басшыларына бірқатар тапсырмалар берілді.

 

 

Пікір қалдырыңыз