Адамгершілікке тәрбиелеудің негізі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы ұлттық ерекшелігімізді сақтауға, азаматтардың білімге қызығушылығы мен сананың ашықтығын насихаттауға арналған.

Қазір біз, тәуелсіз елдің ұрпақтары Қазақстан тарихындағы жаңа кезеңнің басталуына куә болып отырмыз. Елбасының жариялаған модернизация процесі бір уақытта үш бағытта жүзеге асыруға бағытталған. Яғни бұл экономикалық жаңару, конституциялық реформа, ауқымды саяси жаңару мен қоғамдық сананы жаңғыртуға негіз салады. Қоғамдық сананы модернизациялау – бұл қазақстандықтардың табысты және бәсекеге қабілетті болуы үшін өздеріне деген қарым-қатынасын қайта қарау.

Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы қоғамды шоғырландыруға, зиялы қауымды, жастарды Елбасы жариялаған идеялардың айналасына топтастыруға мүмкіндік береді. Модернизацияның барлық бағыттарын іске асыру қоғамның қажеттіліктерін ескере отырып, ғылыми-сарапшылық қоғамдастықтың, азаматтық қоғам өкілдері мен жастардың белсенді араласуымен жүзеге асырылады.

Елдегі барлық мүмкін болатын қайта құрудың локомотиві алты жобаға қатысты болып отыр. Атап айтар болсақ, бұл тізімге қазақ тілін латын графикасына көшіру, «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Туған жер» жобалары кірмек. Одан бөлек, «Қазақстанның қасиетті географиясы», «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» секілді жобалар да алдыңғы қатардан көрініс тауып келеді.

Біздің аймақтағы білім жүйесінің өкілдері цифрлық инновацияларға ғана емес, рухани қайта құруға да дайын. Рухани-мәдени құндылықтарды сақтау және арттыру Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы бойынша атқарылатын жұмыстың басты мақсаты болмақ.

А.Отыншиева, А.Тоқтабек, М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың «Механика және мұнайгаз ісі» факультеті «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасының аға оқытушылары.

 

 

 

 

Пікір қалдырыңыз