«Түркістанның әр кірпіші қаланған сайын қуанамын»

Киелі Түркістанның күн санап көркейіп келе жатқаны баршаға мәлім. Мұндағы зәулім ғимараттар мен тұрғын үй кешендері шаһардың келбетін тіптен ажарландырып жіберді. Мен өзім Түркістанның әр кірпіші қаланған сайын қуанамын. Өйткені, тарихи қала Түркістан тек облыс орталығы ғана емес, бүкіл түркі елінің рухани астанасы болғандықтан, мұнда атқарылып жатқан әрбір игілікті іс бізді шабыттандырады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тарихи шешімімен облыс орталығы болған Түркістанның екі жылдан астам уақыттың ішінде адам танымастай өзгеруіне облысқа басшы болып келген Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің сіңірген еңбегі зор деп білемін. Ол осы уақыттар ішінде барлық салада үлкен нәтижелерге қол жеткізді. Бұған дәлел Арыс, Мақтааралдағы табиғи апат кезінде көрсеткен қайраты дер едім.

Бүгінгі халық алдындағы өткен жылы атқарылған жұмыстары жайындағы есебін өңір басшысы жұртшылыққа түсінікті етіп баяндап, өзіне қойылған сауалдардың барлығына да мұқият жауап берді. Сондай-ақ, ол құрылыс, білім және өзге де салаларда атқарылған және атқарылуға тиіс жұмыстар жайын да назардан тыс қалдырмады.

Тағы бір айтарым, бүгінгі салынып жатқан нысандар біткеннен кейін онда жұмыс орындары ашылып, халық жұмыспен қамтылса, тұрғын үй кешендері қаншама жас отбасын баспанамен қамтиды. Сөйтіп облыс орталығы әрі қарай қарқынды дами береді деп ойлаймын. Өз кезегінде біз де Түркістанның түрлене түсуі жолында аянбай еңбек ете береміз.

Тельман БЕЙСЕН, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті ақпарат орталығының жетекшісі. Түркістан қаласы.

 

 

1 пікір

  • Бәйдібек ауданы,Шаян аулының тұрғыны Клара Бейсен Қамбарова
    Бәйдібек ауданы,Шаян аулының тұрғыны Клара Бейсен Қамбарова

    Керемет мақала жазыпсың бауырым! Бұл тек мақала ғана емес, Отанға ,еліне ,Отбасына деген сүйіспеншілік пен мақтанышын деп білемін! Бүкіл Республикамыз мақтаныш етер дей, шет мемлекеттер қызығарлық ай, осы өңірге аяқ басып,көруді армандайтындай Түркістанды көркейіп,сәулетті де дәулетті болсын! Әуелі Алланың қалауымен, Әзірет-Сұлтан бабамыз, Яссауи әулиелер қолдап, басшылық жасап отырған ер азаматтарға, ат салысып жүрген әрбір қайраткерге күш-қуат берсін!

Пікір қалдырыңыз