Сіз жатқа оқуға тиіс бір өлең...

Мұқағали МАҚАТАЕВ

ЕЙ, ӨМІР!


Ей, өмір...

Дүниенің ағын да, қарасын да,

Мыңқ етпейсің, қабылдап аласың да.

Қарасымен шамаң жоқ таласуға,

Ей, өмірім, зымырап барасың ба?

 

Жер мен көктің желпініп арасында,

Желігесің, түсесің қара суға.

Құйын қуған қаңбақтай аласұра,

Ей, өмірім, зымырап барасың ба?

 

Мен отырмын теңіздің жағасында,

Бересім де жоқ оған, аласым да.

Мені тастап, толқындар, ағасың ба?

Толқынданып, өмірім, барасың ба?

 

Шаң шығарып ізінен құйындаған,

Барасың ба, өмірім, қиындаған?

Сыйын маған,

Ей, өмір, сыйын маған,

Сыйыңды алам мен сенің бұйырмаған.

 

 

1 пікір

  • Асылбек Ақбергенов
    Асылбек Ақбергенов

    Орынды айтылған. Қасиетті Созақ өзінің мәртебесін алуы керек деп ойлаймын. Бұл тек созақтықтар үшін ғана емес бүкіл Тәуелсіз еліміз үшін маңызды. Қазақ хандығының бесігі болған Созақтың түп-тарихын әрбір қазақтың білгені абзал деп есептеймін.

Пікір қалдырыңыз