Су құбыры тартылмаған бес ауыл қалды

Отырар ауданындағы 38 елді мекеннің 33-інде ауыз су құбыры тартылған. Яғни ауданның 50 мыңнан астам тұрғыны сапалы ауыз сумен толық қамтылған. Бұл мақсатта облыстық бюджеттен қажетті қаржы бөлінген. Өткен жылы Көксарай елді мекеніндегі ауыз су жүйелері мен ғимаратын қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жер асты су қоры анықталған Бестам, Ызакөл, Жанкел елді мекендерін ауыз сумен қамту үшін құжаттар әзірленіп, ұсыныстар берілді. Ал, жер асты су қоры анықталмаған Ақкөл елді мекенінің жер асты су қорына геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына өтінім берілген.

Сондай-ақ, Отырар ауданындағы автокөлік жолдары да күрделі жөндеуден өтіп, жаңаруда. Жалпы ұзындығы 800 шақырымнан асатын аудан жолдарының 27 шақырымы орта жөндеуден өткен. 2 шақырымға жуық ішкі автомобиль жолдарындағы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Аудан көлеміндегі ішкі көшелердің жалпы қанағаттанарлық деңгейі 62%-ға артты.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

 

Пікір қалдырыңыз