Білім мен ғылымды дамытудың жаңа мүмкіндіктері

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қолжетімді әрі сапалы білім берумен қамтамасыз етудің маңыздылығына ерекше назар аударды.

Осыған орай біз, ғалымдар, жоғары мектеп қызметкерлері, жұмыс берушілерді тарта отырып, сондай-ақ халықаралық талаптар мен цифрлық дағдыларды ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы білім беру бағдарламаларын тұрақты түрде жаңартып отыру міндеті тұрғанын түсінеміз. Бұл тұрғыда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Механика және мұнай-газ ісі» факультеті «Мұнай-газ ісі» кафедрасының ұжымы «Қазтрансойл»АҚ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, «Оңтүстік Мұнайгаз» АҚ, «Тұран Геолсервис» ЖШС, «STRATUS OIL» ЖШС сияқты белгілі мұнай-газ компанияларының тәжірибелі мамандарын тарта отырып, білім беру бағдарламаларын жетілдіру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Осындай жұмыстардың арқасында оқыту сапасы едәуір жетілдірілді, студенттер мұнай-газ саласындағы еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, білім мен тәжірибе игерді.

Сонымен қатар, жетекші профессорлар мен доценттердің видеолекциясын интернет-сайттарда орналастыру, атап айтқанда, «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау»; «Мұнай және газ кен орындарын игеру»; «Мұнай-газ құбырлары мен мұнай-газ қоймаларын пайдалану» жаңа білім беру бағдарламалары бойынша мамандандыру міндетін орындауда. Бұл қашықтықтан оқыту нысанының студенттері тікелей жұмыстан қол үзбей, өздерінің білім деңгейін көтеруі үшін жасалады. Өндіріс мамандары үшін кафедра мұндай видеолекциялардың шамамен 30-ға жуығын әзірледі және бұл жұмыс одан әрі жалғасуда.

Қазіргі жағдайды ескере отырып, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры, академик Д.Қожамжарова ұжым алдына біздің университетті зерттеу орталығына айналдыру міндетін қойды. Бүгінде бұл міндет орындалуда. Демек, бізге мұнай-газ химиясы саласындағы зерттеулерге басымдық бере отырып, ғылымды дамыту қажет. Кафедра ғалымдары жақын және алыс шетел ғалымдарымен (Ресей, Украина, Ұлыбритания) бірлесіп, гранттық қаржыландыру бойынша белсенді зерттеулер жүргізіп жатқанын атап өткен жөн. Бұл жерде ғылыми жобаларды сараптамалық бағалауға белгілі бір ғылыми жобаны қаржыландыру кезінде тек құраушы ғана емес, айқындаушы болып табылатын нақты жоба үшін тиісті балл бере отырып, жобаларға объективті баға беретін тәуелсіз шетелдік сарапшылар шақырылған практика өзін-өзі ақтайды. Тек осылай ғана жас ғалымдарды ғылымға тарту мақсатында ғалымдар алдында тұрған Жолдаудан туындайтын міндеттерді орындауға болады.

Үкімет пен Білім және ғылым министрлігінің алдына университеттерді инновациялық қызметке көшіруге әзірлеу міндеті қойылды. Бұл қазіргі заманғы университетті тек білім беру қызметтері мен ғылыми қызметке бағыттау мүмкін емес дегенді білдіреді. Оның міндеті – академиялық ғылыммен, бизнеспен, билік органдарымен серіктестікте классикалық университеттің инновациялық білім беру кеңістігі негізінде ғылымды, техниканы дамытудың серпінді бағыттары бойынша озық даярлықты қамтамасыз ету. Осының бәрі білім беру сапасы мен білім беру технологиялары саласындағы әлемдік тәжірибені пайдалана отырып, бірге жүргізілуі тиіс.

Бүгінгі таңда көптеген ірі жоғары оқу орындарында инновациялық типтегі университеттерге трансформация жүріп жатыр және әр инновациялық университеттің өзіндік көзқарасы мен өзіндік моделі бар. Біздің ойымызша, тек жаңа білім алуды ғана емес, сонымен қатар оларды жинақтауды, беруді және пайдалануды қамтамасыз ете алатын университетті инновациялық деп санауға болады. Жаңа типтегі университеттер білім беру, ғылыми және кәсіпкерлік қызметті біріктіруі керек. Бұдан басқа, инновациялық университетте іргелі және қолданбалы зерттеулер орталықтары шоғырлануы тиіс, олардың нәтижелері өндіріске тиімді енгізілген кезде мемлекетке кіріс әкелетін болады. Біз тек осы жағдайда ғана біздің жоғары оқу орындары әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуы мүмкін жоғары білікті, элиталық мамандарды даярлай алады деп есептейміз.

Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау және оларды әзірлеу мәселесіне ерекше тоқталғымыз келеді. Тәжірибе көрсеткендей, мұнайдың әлемдік бағасы тұрақты емес және әртүрлі жағдайларға байланысты жиі-жиі өзгеріп отырады. Бұған мұнай экспорттаушы елдердің саясаты, мұнай мен газ өндірудің тақтатас технологиясын дамыту және басқа да факторлар әсер етеді. Біздің пікірімізше, мұнайға әлемдік бағаның құлдырауы кезеңінде біздің Үкімет мұнай бұрғылау компанияларын бұрынғы режимде жұмыс істеуі үшін оларға қолдау көрсетуі қажет. Дағдарыс кезінде көптеген компаниялар тапсырыстардың болмауына байланысты өз қызметтерін біршама уақытқа дейін тоқтатты, қызметкерлерді ақысыз демалысқа жіберді. Мұнай нарығында бір баррель мұнайдың салыстырмалы түрде жоғары бағасы 68-70 шамасында болған кезде, көптеген компаниялар өз жұмыстарын қайта бастайды деп санаймыз, алайда, тәжірибелі мамандардың көпшілігі басқа кәсіпорындарға кетті, сондықтан біз мамандардың қайтарымсыз шығындары туралы айтып отырмыз.

Осылайша, дамудың инновациялық жолын таңдап және әлемдік білім беру стандарттарына бағдарлана отырып, біздің ұжым Қ.Тоқаевтың Жолдауда қойған міндеттерін іске асыруға, сондай-ақ ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға лайықты үлес қосады дегіміз келеді.

К.НАДИРОВ, химия ғылымдарының докторы, профессор.

М.ЖАНТАСОВ, техника ғылымдарының кандидаты, профессор.

Ж.ШУХАНОВА, PhD, доцент.

Г.ШЕГЕНОВА, магистр, аға оқытушы.

 

 

Пікір қалдырыңыз