Жабық базарлардың қызметі демалыс және мереке күндері тоқтатылады

Түркістан облысында карантин мен шектеу шаралары ұзартылды. Өңірдің бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Н.Нышановтың қаулысына сәйкес, азаматтардың қоғамдық орындарда жүріп-тұруына байланысты және әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандардың жұмыс кестесіне қатысты тәртіп нормалары бекітілді.

Қаңтардың 15-нен бастап жабық базарлардың қызметі демалыс және мереке күндері тоқтатылды. Жұмыс күндері сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, үй жанындағы дүкендердің сағат 9.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат беріліп отыр. Ал, мал базарлардың санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып, тек сәрсенбі күні жұмыс істеуіне рұқсат етіліп отыр. Сонымен қатар, алып кету және жеткізіп беру режимінде жұмыс істейтін нысандардан басқа, қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметі демалыс күндері мен мереке күндері жұмысын тоқтатады. Дүйсенбі-жұма күндері сағат 9.00-ден 23.00-ге дейін қызмет көрсетуге рұқсат берілді. Онда да санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтап, 2 метр әлеуметтік қашықтық сақталу керек.

Ал, сауда саласындағы объектілердің, оның ішінде пісірілген өнімдерді, фаст-фудты, балмұздақты, сусындарды өткізу дүңгіршектері қызметінің күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен сағат 9.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат берілген. Құрылыс, оптика, гүл дүкендері мен зоомагазиндердің қызметі жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, демалыс және мереке күндері тоқтатылды.

Сұлулық салондарының, шаштараздардың, СПА-орталықтардың косметологиялық қызмет көрсететін объектілер қызметі (1 келушіге 4 ш.м. дейін, алдын-ала жазылу бойынша, жазылу журналын жүргізумен, жазылу журналын нөмірлеу және тігу) сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін шектеледі.

Моншалар мен сауналардың қызметі 50 пайыздан аспайтын сыйымдылықта сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін, демалыс (сенбі-жексенбі) және мереке күндері жұмысы тоқтатылады. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтарында балалар саны 15 адамнан артық болмаса жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

Фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтары 30 пайыздан аспайтын сыйымдылықпен, әрбір жанға 5 шаршы метр аумақтан кем емес, алдын-ала жазылу журналы арқылы жұмыс істейді. Мұндай нысандар да демалыс және мереке күндері жұмыс істемейді.

Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметі.

 

 

Пікір қалдырыңыз