Істі болғандар қоғамға қайта қосылады

Мәдени және психологиялық сауаттандыру мақсатында кездесу ұйымдастырылды.

Бүгін Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Шымкент қаласы бойынша ИЧ 167/2 мекемесінде жазасын өтеп отырған сотталған азаматтарға қоғамға қосу қайта әлеуметтендіру, зандылық пен құқық тәртібін нығайту, құқық, бұзушылықтың алдын алу, мәдени және психологиялық сауаттандыру мақсатында кездесу ұйымдастырылды. 


Кездесуде  жастар қызуғушылығын анықтап, үйірмелер кестесін құрып, ақпараттық кітапшалар таратылды.


Аталмыш шара барлық санитарлық - эпидемиологиялық талаптарға сай жүргізілді.


Шымкент қаласы бойынша ИЧ 167/2 мекемесінде жазасын өтеуші 20жас пен  “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің қызметкерлері қатысты.

Пікір қалдырыңыз