ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу және Қазақстан Республикасы бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №68 қаулысын орындау мақсатында Түркістан облысының әкімі Ө.Е.Шөкеевтің 2020 жылы атқарылған жұмыстар бойынша халық алдындағы есебі 2021 жылғы 19 ақпанда сағат 11.00-де онлайн форматта өтеді.

Осыған орай, сұрақтар мен ұсыныс-пікірлеріңізді жазбаша түрде Түркістан облысы әкімі аппараты, аудан, қала және ауылдық округ әкімі аппараты, Түркістан қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы, Түркістан қалалық автовокзалы ғимараттарында орнатылған жәшіктерге салуға, электронды форматта https://www.facebook.com/Omirzak.Shokeev Түркістан облысы әкімінің қоғамдық қабылдау парақшасына, t.akimat@ontustik.gov.kz электронды поштасы арқылы жолдауға болады.

Сондай-ақ, Түркістан облысы әкімі аппаратының 8 (72533) 5-98-90, 5-92-40 телефондары арқылы сауалдарыңызды, ұсыныс-пікірлеріңізді жолдауларыңызға болатындығын хабарлаймыз.

 

 

Пікір қалдырыңыз