ҚР ОСК сайлаудың алдын-ала қорытындысын жариялады

«ҚР Орталық сайлау комиссиясы 10 қаңтар күні өткен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауда саяси партиялар жинаған дауыстардың алдын ала қорытындысын жария етті» деп хабарлайды» ҚазАқпарат.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафинаның дерегінше, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 5,29, «Nur Otan» партиясы – 71,09%, «ADAL» саяси партиясы – 3,57, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 10,95 және «Қазақ­станның Халық партиясы 9,10 пайыз дауыс жинады.

Естеріңізге сала кетсек, 10 қаңтар күні түнде Қоғамдық пікір институты Еxit poll нәтижесін жария еткен болатын. Оған сәйкес, респонденттердің 5,75 пайызы «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясына, 71,97 пайызы «Nur Otan» партиясына, 3,07 пайызы «ADAL» саяси партиясына, 10,18 пайызы Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясына, 9,03 пайызы «Қазақстанның Халық партиясына» дауыс берген.

Айта кетерлігі, аталған институт директоры Айнұр Мәжитова сауалнама қателігі 2 пайыз шамасында болатындығын ескерткен-ді.

Жалпы, Конституциялық мерзімге сай өткен Мәжіліс сайлауында елімізде тіркелген 5 саяси партия, атап айтқанда, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «Nur Otan» партиясы, «ADAL» саяси партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, «Қазақстанның Халық партиясы» депутаттық мандаттан үмітті. Бұл партиялар барлық деңгейдегі жергілікті мәслихаттарға да кандидаттарын ұсынған.

Мәжіліске 5 партиядан барлығы 312 кандидат, оның ішінде: «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан – 19; «Nur Otan» партиясынан – 126; «ADAL» саяси партиясынан – 16; Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясынан – 38 және «Қазақстанның Халық партиясынан» 113 адам бар.

Ал, жергілікті мәслихаттарға – 832, оның ішінде «Ауыл» ХДПП-нан – 158, «Nur Otan» партиясынан – 216, «ADAL» СП-нан – 215, «Ақ жол» ҚДП-нан – 174, «Қазақстан Халық партиясынан» 69 партиялық тізім тіркелген.

 

 

Пікір қалдырыңыз