95 жастағы ардагер, полиция подполковнигі бірінші болып дауыс берді

Еліміздің ішкі істер органдарының құрметті ардагері, отставкадағы полиция подполковнигі, тыл еңбеккері, Сайрам ауданының «Құрметті азаматы» 95 жастағы Ташходжа Аташев сайлау учаскесіне келіп, таңдауын жасады. Ардагер жарқын болашаққа дауыс бердім дейді.

«Мемлекетшіл азамат ретінде қай заманда да сайлаудан қалған емеспін. Қызметтестеріме де, балаларыма да үлгі ететін әдетім осы, бұл өзіңді азамат ретінде қалыптастырудың ең алғашқы баспалдағы. Біз өз болашағымызға жауапкершілікпен қарауға міндеттіміз» дейді қарт жауынгер.

Халық саны тығыз орналасқан Түркістан облысының тұрғындары елімізде өтіп жатқан ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауына белсенді қатысып, бұл күні барлығы өз таңдауын жасады.

 

 

Пікір қалдырыңыз