Соттар әкімшісіне жаңа басшы тағайындалды

Жоғарғы Сот аппараты басшысының орынбасары Нұрсұлтан Байтілесов Шымкент қалалық соттары ұжымына Соттар әкімшісінің жаңа басшысы Берік Мейірхановты таныстырды.

Берік Талғарбекұлы 1984 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2006 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін, 2008 жылы Алматы Экономика және статистика академиясын, ал, 2017 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ-тағы Бостон университетін бітірген. Еңбек жолын жетекші маманнан бастап, бас маман, бөлім басшысы ретінде тәжірибеден өткен. Сот жүйесіне

2010 жылы келген жас маман 2012-2013 жылдары Атырау облыстық соты кеңсе басшысының орынбасары, одан кейінгі жылдары ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің азаматтық істер жөніндегі сот алқасының хатшылығы судьялардың консультанттары тобының бас консультанты қызметін атқарған.

Қабыл ДҮЙСЕНБИ, Шымкент қалалық сотының баспасөз хатшысы.

 

 

Пікір қалдырыңыз