Зейнетақы жинағын кімдер алады?

Естеріңізде болса, өткен жылдың соңында ҚР Парламенті зейнет-ақы қорындағы жинақтың бір бөлігін пайдалану туралы заң қабылдады. Оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойып, көпшілік арасында жиі талқыланған маңызды мәселе өзінің шешімін тапты. Заңда көрсетілгеніндей, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу шарттарын көрсетіп, «жеткіліктілік шегін» белгілеп берді. Хош, сонымен зейнетақы жинағындағы қаражаттың бір бөлігін алу үшін жасыңызға қарай шотыңызда жинақталған сома мына шектен асуы тиіс:

20 жас 1 млн. 710 мың,

21 жас 1 млн. 780 мың,

22 жас 1 млн. 860 мың,

23 жас 1 млн. 930 мың,

24 жас 2 млн. 10 мың,

25 жас 2 млн. 90 мың,

26 жас 2 млн. 170 мың,

27 жас 2 млн. 250 мың,

28 жас 2 млн. 330 мың,

29 жас 2 млн. 420 мың,

30 жас 2 млн. 500 мың,

31 жас 2 млн. 590 мың,

32 жас. 2 млн. 670 мың,

33 жас 2 млн. 760 мың,

34 жас 2 млн. 850 мың,

35 жас 2 млн. 940 мың,

36 жас 3 млн. 630 мың,

37 жас 3 млн. 130 мың,

38 жас 3 млн. 220 мың,

39 жас 3 млн. 320 мың,

40 жас 3 млн. 420 мың,

41 жас 3 млн. 520 мың,

42 жас 3 млн. 620 мың,

43 жас 3 млн. 720 мың,

44 жас 3 млн. 820 мың,

45 жас 3 млн. 930 мың,

46 жас 4 млн. 30 мың,

47 жас 4 млн. 140 мың,

48 жас 4 млн. 250 мың,

49 жас 4 млн. 360 мың,

50 жас 4 млн. 470 мың,

51 жас 4 млн. 590 мың,

52 жас 4 млн. 700 мың,

53 жас 4 млн. 820 мың,

54 жас 4 млн. 940 мың,

55 жас 5 млн. 60 мың,

56 жас 5 млн. 180 мың,

57 жас 5 млн. 300 мың,

58 жас 5 млн. 430 мың,

59 жас (және одан жоғары)

5 млн. 560 мың теңге.

Осы жеткіліктілік шегіне сәйкес келген БЖЗҚ қатысушысы қорда көрсетілген сомадан асқан қаражатын өз еркімен алуға, пайдалануға құқылы. Бұл ақшаны азаматтар емделуге және тұрғын үй алуға аудара алады.

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін нақты қажеттіліктерге пайдалану құқығын келесі азаматтар пайдалана алады:

– Бірыңғай жинақтаушы зейнет-ақы қорында (БЖЗҚ) жинағы бар, тиісті жаста «жеткіліктілік шегінен» асатын сомасы бар жұмыс істейтін азаматтар.

Олар жинағының бір бөлігін пайдалана алады. Қалған бір мөлшері салымшының шотында қалуы тиіс. Елімізде осындай 760 мыңнан астам азамат бар. Орта есеппен бір адамға 2,3 млн. теңгеден келеді.

– Зейнеткерлер. Олар зейнетақы жинағының 50 пайызын ала алады. Бұл үшін базалық зейнетақы мен мемлекет тарапынан қосылатын зейнетақыны қоса есептегендегі сома зейнетке шығар алдындағы табыстың 40 пайызынан кем болмауы керек.

Мұндай санаттағы қазақстандықтардың саны 170 мыңға жуықтайды. Орта есеппен әрқайсысына 0,5 млн. теңгеден тиеді.

– Зейнетақы аннуитетін ресімдеген және БЖЗҚ-да жинағы бар азаматтар. Бұл санатқа жататын 23 мың адамның әрқайсысына 2,5 млн. теңгеден келеді.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ басқарма төрағасы Жанат Құрмановтың мәліметіне сүйенсек, 2020 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша 760 мыңнан астам адам зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын пайдалану құқын қолдануына болады. Олардың шоттарында 2,4 трлн. теңгеден астам қаражат бар.

Айта кетейік, зейнетақы жинақтарының қолжетімді сомасын БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинеттен немесе мобильді қосымшадан біле аласыз.

Ескерте кететін бір жәйт, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдерін қолданып сатып алынған жылжымайтын мүлікті оған меншік құқығы тіркелген күннен бастап 5 жыл ішінде сатуға болмайды.

Бұл талап Президент айтқандай, зейнетақы жинақтарын қолма-қол ақшаға айналдыру арқылы пайда көрудің, алыпсатарлық амалдардың алдын алу үшін және тұрғын үй бағасының негізсіз өсуіне әсер етпеуі үшін қолданылады.

Әлеумет бөлімі.

 

 

Пікір қалдырыңыз