Сақ болыңыз: отшашу!

Жаңа жыл мерекеcі жақындағанда пиротехникалық отшашулар қаланың кез келген сауда нүктелерінде сатылады. Оларды дұрыс қолданбаудың салдарынан соңы қайғылы жағдайларға ұласып кететін фактілер де орын алып жататыны белгілі.

Ең алдымен тауардың сыртқы қаптамасында көрсетілген тиісті нұсқаулықтарымен танысып, қауіпсіздік шараларын ескеру қажет. Базарларда пиротехникалық бұйымдарды қолдан жасау фактілері жиі кездеседі.

Сондықтан сапасы талапқа сай келетіндігін дәлелдейтін арнайы құжаттары бар тауарларды негізінен дүкендерден сатып ала аласыз.

Себебі, сертификаты бар тауарларда міндетті түрде арнайы нұсқаулықтар, зауыттың атауы, шығарылған уақыты мен пайдалану мерзімі көрсетіледі.

Осыған орай мереке қарсаңында отшашуды дұрыс пайдалану, аяқ асты орын алатын жағдайлардың алдын алу кеңестерімен таныс болыңыздар.

Отшашуларды пайдалану ережесі:

– жанып тұрған жарылғыш отшашуды ешқашан қолда ұзақ ұстап тұрмаңыз;

– пиротехникалық заттарды мүмкіндігінше қауіпсіз жерлерде қолданыңыз;

– жан-жағыңыздың қауіпсіздігі үшін отшашуларды жоғарыға қарай бағыттап ату керектігін ұмытпаңыз;

– жанып тұрған жарылғыш отшашуды адамдар арасына тастамаңыз;

– жанып тұрған жарылғыш отшашуды жабық банкада, шелекте және құтыларда ұстамаңыз;

– жанып тұрған жарылғыш отшашудан 15-20 метр қашықта болыңыз;

– пайдаланылмаған жарылғыш отшашуларды арнайы орамда сақтаңыз;

– пайдаланылмаған жарылғыш от шашуларды қалтаңызға салмаңыз.

Құрметті тұрғындар!

Осы аталған талаптарды мұқият сақтауға шақырамыз!

Г. Жолымбекова, Шымкент қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы.

 

 

Пікір қалдырыңыз