Біздің облыс республикада көш бастады!

Түркістан облысына тартылған инвестиция көлемі 66,7%-ға артып, республика бойынша бірінші орында тұр. Облыс экономикасын дамытуға 11 айда 551,8 млрд. теңге инвестиция бағытталды.

Биыл негізгі капиталға салынған инвестициялардың едәуір үлесі құрылыс, өнеркәсіп, өнер, ойын-сауық, демалыс, көлік және жинақтау салаларына келеді. Тұрғын үй құрылысын дамытуға 76,3 млрд. теңге инвестиция бағытталған. Бұл – өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 146,5%-ға жоғары деген сөз!

Түркістан облысының сыртқы сауда айналымының көлемі 324,3 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 111,1%-ға артық. Оның ішінде экспорт 122,1%-ға өсіп, импорт көлемі 66,5 млн. АҚШ долларын құрады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 

 

Пікір қалдырыңыз