«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді әрекет ететін 16 күн» акциясы басталды

Акция аясында бірқатар шаралар жоспарланған.

«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді әрекет ететін 16 күн» акциясы 2020 ж. 16 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтеді. Акция "Заң талабы" қоғамдық бірлестігімен "Qolda 2.0" шұғыл көмек бағдарламасы аясында ұйымдастырылып жатыр.

Акция мақсаты - республикада әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, болдырмау және жою, ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту бойынша қабылданып жатқан шаралармен халықты таныстыру. 2020 жылы өткізілетін науқанның тақырыбы: «Әлемді қызғылт сарыға айналдырамыз: қаржыландыру, жауап беру, әрекет ету, болдырмау, жинау!».

"Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді әрекет ететін 16 күн" акциясына заңгерлер мен психологтар қатысады. Олар консультациялық көмек, процессуалдық құжаттарды жасау, сотта мүдделерін білдіру сияқты көмектерді ұсынатын болады. Тренингті өткізу үшін жаттықтырушы жалданады, ол сізге жалпы гендерлік құқықтар мен цифрлық құқықтарға қолжетімділік, сонымен қатар электронды қызметтерді алу үшін цифрлық платформаларды қалай пайдалану және құқық қорғау органдары мен мемлекеттік органдармен қалай байланысуға болатындығы туралы айтып береді» - "Құқық қорғау орталығы "Заң талабы" қоғамдық бірлестігінің" төрағасы Мурад Юнусов.

"Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді әрекет ететін 16 күн" акциясы және "Ауыл-аймақтарда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу және оны жою" бағдарламасы аясында «Qolda 2.0» шұғыл көмек бағдарламасы шеңберінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы тұруға бағытталған бірқатар шаралар жоспарланған:

·   Facebook-live әлеуметтік желі арқылы тікелей эфир өткізу. Әйелдер мен қыздардың құқытарын қорғау тақырыбы бойынша "Сұрақ-жауап" форматында ұйым төрағасы тікелей эфир өткізеді.

·   Тұрмыстық зорлық-зомбылықтын құрбандарына заң көмегі мен психологиялық көмек көрсетіледі;

·   Шымкент қ. Қаратау ауданының әкімдігінде «ашық есік күні» ұйымдастырылады. Әйелдер мен қыздарға ақысыз көмек көрсетіледі;

·   «Qolda 2.0» шұғыл көмек бағдарламасы аясында әйелдер мен ауыл-аймақтардың жастарына тренинг өткізу;

·   Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған ақпараттандыру науқаны. Ақпараттық материалдар мен контрацептивтерді тарату;

·   № 5 Шымкент қалалық емханасында ақпараттық науқан өткізу;

·   Халықаралық адам құқығы күніне арналған ақпараттық-ағартушылық науқаны.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 16 қарашасында "Құқық қорғау орталығы "Заң талабы" қоғамдық бірлестігі" "Ауыл-аймақтарда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу және оны жою" жобасын іске қосты. Бұл жоба Орталық Азияның Еуразия қоры "Шеврон" компаниясымен серіктестікте жүзеге асырып отырған "Qolda 2.0" шұғыл көмек бағдарламасы аясында жасалып отыр. Жобаның басты мақсаты - ауыл-аймақтар мен Шымкент қаласында қиын жағдайға тап болған әйелдер мен қыздарға қолдау және көмек көрсететін жүйені құру.

"Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді әрекет ететін 16 күн" акциясы аясында бірлесіп шара ұйымдастыруға қызығушылық білдіретіндерге серіктестік ұсынанымыз.

Пікір қалдырыңыз