Әйелдер құқытарын қорғап, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресетін жоба іске қосылды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемалары туралы ақпаратты объективті, жедел және еркін тарату үшін біз БАҚ пен БАҚ өкілдерін ынтымақтастыққа шақырамыз.

"Заң талабы" қоғамдық бірлестігі "Ауыл-аймақтарда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу және оны жою" жобасын жүзеге асырып жатыр. Жоба 2020 жылдың 16 қарашасында басталды. Шара Орталық Азияның Еуразия қоры "Шеврон" компаниясымен серіктестікте жүзеге асырып отырған "Qolda 2.0" шұғыл көмек бағдарламасы аясында жасалып отыр. Жобаның басты мақсаты - ауыл-аймақтар мен Шымкент қаласында қиын жағдайға тап болған әйелдер мен қыздарға қолдау және көмек көрсететін жүйені құру.

 

«2020 жылы 8 айдың ішінде ұйымға келіп түскен өтініштер бойынша 272 әйел адвокаттан көмек сұраған. COVID 19-дың әйелдер мен қыздардың осал топтарына деген негативті әсері өсіп жатыр. Айта кету керек, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері жиілеп кетті. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған әйелдердің проблемаларына қоғамның назарын аударту үшін бұл жайында БАҚ беттерінде жазу керек, айту керек" - "Құқық қорғау орталығы "Заң талабы" қоғамдық бірлестігінің" төрағасы Мурад Юнусов.

 

Жоба аясында Шымкент қаласы мен Түркістан облысында келесі іс-шараларды жүзеге асыру жоспарланып отыр:

1. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына тегін құқықтық және психологиялық көмек көрсету;

2. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған сенім телефоны және онлайн-чат арқылы көмек көрсету;

3. #StopViolence ұранымен ақпараттық науқан өткізу;

4. Ауыл-аймақтардағы жастар мен әйелдер үшін цифрлық білім алу, гендерлік теңдік мәселелері бойынша онлайн-семинарлар /тренингтер өткізу;

5.  Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасаған ер адамдармен зорлық-зомбылық қайталанбау мақсатында жұмыс жасау.

 


Пікір қалдырыңыз