Түркістанды озық үлгілер көркейтеді

Түркістанда қарағаш пен тез өсетін терек отырғызуды тапсырған өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев облыс орталығындағы абаттандыру жұмыстарымен танысты. Тиісті сала жетекшілеріне іс-шаралардың орындалуын қатаң бақылауға алып, жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыруды тапсырды.

Қаладағы көгалдандыру жұмыстарымен танысқан облыс басшысы Ордабасы, Түлкібас, Төлеби және Шардара аудандарына бекітілген секторларды аралады.

Көркейту және абаттандыру мақсатында қала 32 секторға бөлінген. Әр секторға аудан, қала әкімдіктері мен басқарма басшылары тікелей жауапты. Қаланы көркейту бір үлгіде жүзеге асуда. Қала аумағында веложолдар төселіп, газон егілуде. Көшелерде жарық шамдар, қоқыс жәшіктері мен тұрғындардың демалуына арналған орындықтар орнатылған. Кешенді жұмыс барысын бақылаған облыс әкімі жауаптыларға бірқатар тапсырмалар берді. Өңір басшысы сапаға мән беріп, жасыл желекті суаруды жетілдіруді міндеттеді.

Түркістан шаһарын көркейту, экологиялық жағдайын жақсарту үшін қарқынды жұмыс жүріп жатқаны белгілі. Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, жасыл көшеттерді желден, суықтан және басқа да сыртқы факторлардан қорғау үшін ағаштар арнайы сымдармен оралып, тіректермен қоршалуда.

Кей жобаларды жасауға тұрғындар да тікелей атсалысқан. Қала халқы демалатын орынның жайлы да ыңғайлы болуына түркістандықтар да үлес қосып, #ХалықтықЖоба жасауда. Өмірзақ Естайұлы бұл жобаны тиісті жауапты мамандарға үлгі ретінде ұстануды тапсырды.

 

 

Пікір қалдырыңыз