«Дала қазынасы» монеталары

Қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратовтың «Дала қазынасы» монеталар сериясынан «JETI QAZYNA» биколорлы айналыстағы монеталарының қолма-қол ақша айналымына енгені туралы түсіндірмесі

      «Дала қазынасы» монеталар сериясынан «JETI QAZYNA» биколорлы айналыстағы монеталары бірқатар өңірде айналымға енді. Олар кәдімгі айналыстағы монеталармен қатар пайдаланылады.

Яғни, номиналы 100 теңгелік «JETI QAZYNA»: «ER JIGIT», «SULÝ ÁIEL», «QUMAI TAZY», «AQYL BILIM», «BEREN MYLTYQ», «JÚIRIK AT», «QYRAN BÚRKIT» 7 монетасы заңды төлем құралы болып саналады және төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдануға міндетті – оларды тауар сатып алуға немесе көрсетілген қызметтерге төлеуге болады.    

Монеталардың өлшемі өзгеріссіз сақталғанын, сондықтан төлем терминалдары мен басқа да кассалық техниканы қосымша қайта теңшеуді қажет етпейтінін атап өткім келеді.

Егер кәсіпкерлер монеталарды қабылдаудан бас тартатын болса, онда
ҚР ӘҚБК 206-бабына сәйкес оларға ескерту жасалады. Бір жыл ішінде жағдай қайталанса, 5 – 25 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген.

Осыған ұқсас жағдайға кезіксеңіз, Ұлттық Банктің кез келген филиалына шағымдана аласыз. Өз тарапымыздан бейнежазба жасауды немесе монетаны қабылдаудан бас тартқан жағдайда жазбаша негіздемесін талап етуді ұсынамыз.
Пікір қалдырыңыз