ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ «ЖАСТАРДЫҢ АЙТАРЫ БАР» ЖОБАСЫНДА

Мәдениеттің өлшемі, мәдениет пен өркениет және жастардың ішкі мәдениеті туралы ашып айтып, қоғамдық сананы қалыптастырудың жолдарын ұсынды.

SILKWAY халықаралық университетінің  «Жалынды жастар» клубы мен Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының біріге қолға алған «Жастардың айтары бар» жобасының келесі түсірілімі болып өтті.

Аталған іс-шара «Жастар мен мәдениет» тақырыбында өтіп, бұл жолғы жоба қонағы Күлия Айдарбекова болды.


Сұхбат барысында  ҚР мәдениет қайраткері, журналист, жазушы Күлия Айдарбекова жастардың мәдениеті  туралы сөз қозғады.  Мәдениеттің өлшемі, мәдениет пен өркениет және жастардың ішкі мәдениеті туралы ашып айтып, қоғамдық сананы қалыптастырудың жолдарын ұсынды.

Университет ректоры А.Ж.Едилханов жоба қонағын арнайы қабылдып,  биылға 60 жылдық мерейтойымен құттықтады.


Жоба «Жастардың айтары бар» жобасын қашан да қолдауға дайын екендігін жеткізді.

Пікір қалдырыңыз