«Қырық хикмет» жайлы хикая

1988 жылы Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» музейінің директоры болғанымда Ахмет Ясауи заманындағы түркітілдес халықтардың тарихына үңілгенім бар еді. Менен бұрын музейде қызмет етіп, зейнеткерлікке шыққан Иманжанов деген ақсақал философтың «Диуани хикмет» атты поэзиялық шығармасын қазақ тіліне тәржімалапты. Сол қолға түскен жинақ араб, парсы, түркі тіліне сіңіп қалған сөздер болмаса, жалпы мазмұн, мағынасы жағынан ұғынықты екен.

Шығарманы қайта-қайта оқып шөл қанған соң философиялық поэзияның меруерт тізбектерін, тіркестерін теріп, көшіре бастадым. Музейдің ғылыми қызметкері Зікірия Жандарбеков екеуміз солай Иманжановтың аудармасынан қырық хикмет теріп алып, Отырар ауданындағы газеттің баспаханасынан «Қырық хикмет» деген атпен кітапша етіп шығардық. Жер-жерге тараттық. Бұдан соң хикметтерді қазақшалағандардың қарасы көріне бастады. 1993 жылы Алматыдан шыққан «Диуани хикмет те» біздің «Қырық хикметіміз» аталған екен.

Хикметтердегі өз зердем қабылдаған қанатты ойлар мен асыл сөз тіркестерін теріп, көшіріп қойған едім. Жергілікті Үкімет қайда жұмсаса, сонда барып дегендей жұмысбасты болып, бұл жазба өз архивімде қала берген екен. Жуырда жазбаны тауып алып, көз жүгіртсем көсемдік пен шешендік маржандары жарқырап тұр.

Ұлы кемеңгер ойшыл Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың рухани болмысын тани түсуге титтей де болса пайдасы тиер деген оймен, жазбаларымның баршасын көпшіліктің назарына ұсынғанды жөн көрдім.

Талаптыға нұр гауһар шаштым, міне.

 

Жетім-жесір, кедейдің қамын ойлап,

Көңілі бүтіндерден қаштым міне.

 

Пірлерге адал қызмет етіп жүрдім

Әрқашан қызметіне даяр тұрдым

Абырой кеп әзәзілді жүндей жұлдым

Содан соң қанат қағып ұштым, міне.

 

Көкіректен шыққан үн ғарышқа жетер

 

Халыққа түйіні жоқ айтқан сөзің,

Дүние малын жесең де тоймас көзің

 

Күйіп-пісіп қиындық көрмейінше,

Тағдырыңда жеңілдік бола бермес.

Ғашықтың жолына түскен кісі,

Мақсатсыз жарты жолда қалғаны жоқ.

Ғашықтық-түпсіз дария гауһар жиған,

Гауһарды жанын кешпей алғаны жоқ.

 

Алла деп ішке нұрды толтырмасаң...

 

Тәубә қыл, Құл Қожа Ахмет өлмей тұрып,

Қызыл тіл жер астында солмай тұрып,

Жылан-шаян көріңе толмай тұрып,

Қаза келсе риза боп тұру керек.

 

Әділдіктің жолында жүз мың қатер,

Белін буып шыққан жан ақыр жетер.

 

Шариғаттың нәрін алған құлдар бар.

 

Таудан ауыр күнәм бар.

Бұл дүние ләззатын тастап кетсең,

Хақ дидарын көретін заман болар.

 

Басында білімі де, сәлдесі жоқ неке қияр

Ақырзаман шайықтары.

«Иллаһи» деп білгенін малға сатар

Ақырзаман шайықтары.

 

Қиындық көрмей жақсылық қайда,

Адал еңбексіз болмайды пайда.

 

Наманганда хақ діннен сабақ алдым,

Ұстазым сабақ берді пердемді ашып,

Жер-көкте тұра алмадым шабыт тасып,

Дін-бұлақтан тоя ішіп тастым, міне.

 

Туған жерім мүбәрәк Түркістанға,

Тасқа ұрып бауырымды келдім, міне.

Сақал, шаш ағарғанмен көңіл қара.

Нәпсінің көзін ойып, бетін тіліп

 

Үлкен-кіші жандардан әдеп кетті,

Қыз-келіншек бұлардан ұят кетті.

«Ұяттыда иман бар» деген Расул

Арсыз қауым бүлдіріп бітті, достар

 

Ақырзаман ғалымы залым болды

 

Ақылың болса наданға сырыңды айтпа!

 

Дүниеқорларға жүз мың талақ!

 

Дүние үшін сопы болғандар мұсылман емес.

 

Жетім-жесірлердің қамын ойлап,

Көңілі бүтіндерден қаштым, міне.

 

Нұрмахан НАЗАРОВ.

 

 

Пікір қалдырыңыз