Дариға топ жарды

Түлкібас таланттардан кенде емес. Бұл жолы 7 жасар Дариға Нұрланқызы облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Әлемді кітап арқылы танимын» онлайн байқауында өзінің алғырлығымен көзге түсіп, жүлделі І-орынды иемденді. Кішкентай бүлдіршін жазушы Мархабат Байғұттың «Киікоты» шығармасын насихаттап, киікоты шөбінің емдік қасиеттерін айтып берді. Қазылар алқасы Дариғаның байқау шарттарын мүлтіксіз орындаған зерделілігін жоғары бағалады. Кішкентай Дариғаға келешегің нұрлы болсын дейміз.

А.СҮНДЕТОВА.

 

 

Пікір қалдырыңыз