Балық та байлық

Облыста балық шаруашылығымен айналысуға ниетті кәсіпкерлер саны артып келеді. Бүгінде осынау кәсіп түрімен айналысамын деушілерге мемлекет тарапынан да қолдау бар. Нақтырақ айтқанда, балыққа берілетін жемнің 50 пайызы мемлекеттен субсидияланады.

Түлкібас ауданына қарасты Балықты ауылдық округіндегі «Сансызбай» шаруа қожалығы балық шаруашылығымен айналысады. Қожалық иесі балық өсіру үшін жасанды көлшіктерді дайындаған. Ол таяу күндері Сайрам ауданының «Нұрша Темир» ЖШС-нен 10 мың сазан балығының шабақтарын сатып алуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Түлкібас ауданының аумағында 4 шаруашылық балық өсіру ісін қолға алған. Олардың қатарында Түлкібас ауданындағы Арыс ауылдық округіне қарасты «First Fish Company» ЖШС бекіре, форель және карп балықтарын өсірумен айналысса, Жабағылы ауылдық округіне қарасты «Нұран құрылыс» ЖШС, Келтемашат ауылдық округіне қарасты «Болат» ШҚ және Жаскешу ауылдық округіне қарасты ЖК «Кадыркулов Н» балықтың сазан түрлерін өсірумен айналысуда.

 

 

Пікір қалдырыңыз