Күніне 500 келі құс еті...

Кентау қаласына қарасты Иассы ауылындағы «Сүлеймен ата» шаруа қожалығы күн сайын 500 келі құс етін сатылымға шығаруда. Тұтынушылардың ерекше сұранысына ие ет өндіретін мекеме өз жұмысын 2017 жылы мемлекеттік бағдарламаның көмегімен бастаған.

Бүгінде цехта 8 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Мұнда қазір 17 мың құс өсіріліп жатыр. «Құс етіне деген сұраныс өте жоғары. Сондықтан да жұмсалған қаржыны аз уақыт ішінде қайтарып алуға болатын тиімді кәсіп деп айта аламын» дейді шаруа қожалығының өкілі Ғалымжан Абдураймов.

Әзірге өнім Түркістан және Кентау қалаларының сауда орындарынан артылып отырған жоқ. Кәсіпкер алдағы уақытта мекеменің ауқымын кеңейтіп, өзге де өңірлерге еттен бөлек жұмыртқа сатуды жоспарлап отыр. Соған байланысты құс етін сақтауға арналған 40 тонналық тоңазытқыш дайындап қойған.

Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

 

 

Пікір қалдырыңыз