Кентауда мақтаның «Түркістан» сорты өсіріледі

Кентау қаласына қарасты Қарашық ауылдық округінде 1992 жылдан бері «Тұран» шаруа қожалығы жұмыс істейді. Алғашында 50 гектар жерге мақта егуден бастаған қожалық бүгінде жер көлемін 1185 гектарға көбейткен. Оның 850 гектарына мақта егеді.

Осыдан 3 жыл бұрын қожалық ғылыми институтпен бірігіп, мақтаның «Тұран» және «Түркістан» деген сорттарын шығарған. Бүгінде «Түркістан» сортын өсіріп, өзге елдерге экспорттап отыр. Бұл сорттың ерекшелігі – жылдам пісіп, көсегінің бірден ашылатындығында. Сондай-ақ, көп тыңайтқыш талап етпейді. Төртінші типке жататын мақтаның бұл сорты тоқыма өндірісіне қолайлы. Айта кетерлігі, аталған сортты облыстағы өзге аудан, қаланың шаруалары да егуде.

Шаруа қожалықта жергілікті 60 адам жұмыс істейді. «Тұран» ШҚ-ның төрағасы Хабибулла Азимовтың айтуынша, өткен жылы 35 центнер мақта жиналған болса, биыл 40 центнерден аса өнім алу жоспарланған. Былтырғы өнімді Түркия және Балтық жағалауы елдеріне экспорттаған қожалық болашақта тоқыма өндірісін іске қосуды жоспарлап отыр.

 

 

Пікір қалдырыңыз