Таулы Қарабақта не болып жатыр?

«Қазанның 9-ында Армения мен Әзірбайжанның сыртқы істер министрлері 10 қазаннан бастап атысты тоқтату туралы ымыраға келген еді. Соған қарамастан, Армения тарапының айтуынша, Әзірбайжан әскері жарияланған уақытша бітімді елемей, Карахамбейли елді мекеніне шабуыл жасаған» деп хабарлайды «Хабар 24».

Өз кезегінде Әзірбайжанның қорғаныс министрлігі Тертер мен Агдам қалалары армян сарбаздарымен атқыланғанын мәлімдеді. Осылайша Ереванның бітім шарттарын өрескел бұзғанын айтады. Сонымен қатар армян әскері елдегі екінші ірі қала Гянджанға зымырандармен оқ жаудырған. Бұл соққыдан 9 адам қаза тауып, ондаған адам жараланды. Ал, Армения қорғаныс министрлігі мұны мойындамай отыр. Олар атысты тоқтату жөнінде қол жеткен барлық келісімдерді орындап жатқанын алға тартты.

Осылайша Баку мен Ереван Таулы Қарабақтағы қақтығыстың қайта басталуына бір-бірін кінәлап отыр. Армения қорғаныс министрлігінің өкілі Арцрун Ованнисянның хабарлауынша, аймақта артиллериялық қақтығыстар әлі де жалғасып жатыр. Бірқатар БАҚ Мартуни мен Тертер қалаларында жарылыстың болғанын растайді. Өз кезегінде Әзірбайжанның қорғаныс министрлігі Таулы Қарабақ аумағында баллистикалық зымырандардың көзін жойғанын жеткізді. Ведомство таратқан хабарламаға сәйкес, Баку тек алдын алу шараларын іске асырған.

 

 

Пікір қалдырыңыз