«Жаңабазар ардагерлері» жарады

Жуырда Жаңабазар ауылындағы ардагерлер үйінде «Жаңабазар ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің 60-қа тарта мүшесі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына қолдау білдірді. Жолдау жөнінде ауданның құрметті азаматы, еңбегі сіңген экономист Рахматулла Жамашов кең көлемде баяндама жасады.

Сондай-ақ, бірлестік мүшелері Т.Құралбаев, Б.Жүніс, К.Нұржан, С.Сейдалиев, Н.Исаев және тағы басқалар сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды.

– Жалпы, Жолдауда барлық мәселелер жан-жақты қамтылған. Әсіресе, әлемді жайлаған індеттен сақтану, сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген. Қысқасы, Жолдауда адам өміріне қатысты маңызды мәселелер қаралған. Олар енді тек сөз жүзінде қалып қоймай, оны шешудің әдіс-тәсілдері жолға қойылса, дағдарыстан – дамуға бет аларымыз анық, – деген қорытындыға келді ардагерлер.

Жолдауды талқылауға қатысқан ауыл шаруашылығы кәсіподағы облыстық комитетінің төрағасы Барлыбай Қуандықов Қарттар күніне орай бірлестіктің белсенді мүшесі Сансызбай Араповқа ұзақ жылғы жемісті еңбегі, жастар тәрбиесіндегі белсенділігі үшін облыстық ауыл шаруашылығы кәсіподақтар комитетінің «Еңбек даңқы» медалін табыс етті.

Жорабек СҮЙЕУБЕКОВ. Қазығұрт ауданы.

 

 

Пікір қалдырыңыз