Сын сағатта серпіліс қажет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауында елімізді толғандырған мәселелердің барлығын дерлік қамтыды. Елімізге енген пандемияға қарсы күрес шараларының күшейтілгенін айтқан Президент «қазіргі таңда ахуалдың жақсаруы босаңсуды білдірмейді» деп ескертіп өтті.

– Біз телевидения, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы шындықты дер кезінде хабарлап отырдық. Күрес әлі жалғасуда. Бұл пандемияны жеңуіміз үшін 2 жыл уақыт керек. 2023 жылға дейін 1 триллион қаржы жұмсалады. Күрделі дағдарыс болып отыр. Бұған 5 жыл керек. Экономиканы дамыту үшін реформалар, кешенді бағдарлама ұйымдастыруымыз керек, – деді Мемлекет басшысы. Осындай сын сағатта жұдырықтай жұмылып, Отанға деген сүйіспеншілігімізді арттыра отырып, еңбектенуіміз керектігін жеткізді. Сондай-ақ, Жолдауда еліміздің алдына қойған мақсаты – дамыған елдермен бәсекелестікке төтеп беру екендігі айтылды. Сол нәтижеге жету үшін бес басымдыққа мән беру керек. Осы басым бағыттарды орындау – болашақ ұрпағымыздың қамын ойлау, яғни болашақ жастарымызды игілікке жетелейтін заманауи жоспар деп қабылдадым. Бұл Жолдау алдағы атқарар істерімізге керемет қозғау салып, қажымас қажыр мен қайрат дарытары сөзсіз.

Айжамал ҚОҢЫРБАЕВА, Жетісай аудандық әжелер алқасының төрайымы.

 

 

Пікір қалдырыңыз