Телефон арқылы құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды Тәжікстан Республикасының президенті болып қайта сайлануымен құттықтап, сайлау қорытындылары оның стратегиялық бағытына деген жоғары сенім мен бүкілхалықтық қолдаудың белгісі екенін атап өтті.

Қазақстан Президенті бауырлас екі халықтың мүддесі жолында күш-жігер біріктіру арқылы көпжақты қазақ-тәжік ынтымақтастығы жаңа белестерге көтерілетініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев стратегиялық серіктестікті нығайту және қазақ-тәжік қатынастарына тың серпін беру мақсатында Эмомали Рахмонды өзіне ыңғайлы кез келген уақытта Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

 

 

Пікір қалдырыңыз