Кітапханаларда коворкинг орталықтары ашылады

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан және қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Ханзада Есенова орталықтандырылған балалар кітапханасына және Абай атындағы кітапханаға арнайы барды.

Шыңғыс Жұмабекұлы кітапханаларда атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты. Қала әкімінің бірінші орынбасары кітапханалар желісін жаңғырту, атқарылар жұмыстарды батыстық жүйеде дамыту және коворкинг орталықтарын ашу керектігін айтты. Жастардың өз уақыттарын тиімді әрі пайдалы іспен айналысуына жағдай жасау, сондай-ақ кітап қорын толықтырып, құнды деректер жазылған ескі кітаптарды электрондық жүйеге көшіру және оқырман сұранысын басты назарға алуды тапсырды.

Басқарма басшысы Ханзада Есенова кітапхана басшыларымен маңызды сұрақтар бойынша сұхбат жүргізді. Кітапхананың бүгінгі күні мен алдағы уақыттағы атқарылар жұмыстарын, нақты жоспарларын қарап кітапханаларды жаңғырту және модернизациялау мақсатында және оны жүзеге асырудағы жоспарларға ой қосып, нақты тапсырмалар берді.

 

 

Пікір қалдырыңыз