Негізгі бағыт — өнеркәсіп саласын дамыту

Өнеркәсіп саласын дамыту – Түркістан облысы әкімдігі жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Пандемия салдарынан туындаған мәселелер бойынша облыс экономикасының дамуына үлес қосып жүрген кәсіпорындарға әкімдік тарапынан қолдау көрсетілуде.

Облыс әкімінің орынбасары Мейржан Мырзалиев «Қазатомпром» ҰАК» АҚ-на қарасты еншілес кәсіпорындардың басшыларымен кездесті. Басқосуда өндіріс көлемін ұлғайту, жұмыс орындарын сақтау, экспорт көлемін ұлғайту, жергілікті қамту үлесін арттыру бойынша өзекті мәселелер талқыланды.

«Қазатомпром» ҰАК» АҚ-на қарасты еншілес кәсіпорындардың өндірген өнім көлемі облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосуда. Өңіріміздегі өнеркәсіп өнімінің 55, кен өндіру мен карьерлерді қазу саласында 97,6 және металлургия өнеркәсібінің өңдеу өнеркәсібіндегі 28 пайыз үлесі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-на қарасты кәсіпорындарға тиесілі.

Компания ұсынған мәліметке сәйкес, пандемиялық жағдайға байланысты жыл соңына дейін уран өндіру көлемі Түркістан облысында 88 пайызға дейін төмендеуі мүмкін. Кездесу барысында аталған жағдайдың алдын алу шаралары ортаға салынып, алдағы жұмыс жоспарлары таныстырылды.

Алдағы уақытта инвестиция тарту, экспорт, жергілікті қамту, өнім көлемдерін ұлғайту және жұмыс орындарын кеңейту бойынша өзара меморандумға қол қою жоспарлануда. Басты мақсат – ұлттық компаниялардың мемлекеттік сатып алуларында отандық тауарларды қолдануын қамтамасыз ету. Компанияның биылғы жылғы мемлекеттік сатып алу жоспары 75 млрд. теңгені құрайды.

 

 

Пікір қалдырыңыз