Ордабасы: өріс малға толды

Ауданда 2016-2020 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту бағдарламасына сәйкес, саланы дамыту жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. Мәселен, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 327 ірі қара сатып алынса, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 4089 уақ мал алынып, жоспар 190,7 пайызға орындалған. Ал, «Құлан» бағдарламасы бойынша алынған жылқы саны жүзге жуықтап, Қамбар ата түлігінің саны да едәуір артқан.

Бүгінгі таңда аудандағы төрт түліктің жалпы саны 520 мыңға жуықтап, көптен бері болмаған көрсеткішке қол жетіп отыр. Оның 73,3 мыңы ірі қара, 420,4 мыңы уақ мал болса, 25,4 мыңы – жылқы, 740-ы – түйе. Ал, құстардың жалпы саны 423,9 мыңға жеткен. Осылайша кәсіпкерлер мал және құс шаруашылығы өнімдерін нарыққа молынан шығаруда. Бүгінге дейін ауданда 13 311,8 тонна ет, 33 004,9 тонна сүт, 7 263,8 мың дана жұмыртқа өндірілген.

Айта кетейік, Ордабасы ауданында мал тұқымын асылдандырумен айналысатын 6 шаруа қожалығы бар. Ал, жалпы мал бордақылау алаңдарының саны – 355, оның 76-сы биыл іске қосылған. Сондай-ақ, 84 сүт фермасы жұмыс істейді. Биыл 3 отбасылық құс фермасын ашу жоспарланған болатын, бүгінде соның төртеуі іске қосылып, жоспар 133 пайызға орындалды.

 

 

Пікір қалдырыңыз