Тура жол – бақытты өмір кепілі

Олар өз ісіне қатты өкінетін сыңайлы.

Бүгінде әлемдік психологияда көптеген өзгерістер орын алып келеді. Солардың бірі – теріс діни ағымдар. Адамның ой-санасын арбап, тура жолдан тайдыратын бағыттың дамуына белгілі бір ұйымдасқан топтар үлкен «үлес» қосып жатыр. Сондықтан олармен күресу қажет

Теолог, дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы Кенжебек Төребайұлының айтуынша, жолдан адасқандарды жөнге салу оңай шаруа емес. Дегенмен соңғы 10 жыл көлемінде қарқын алған түзеу шаралары қазір оң нәтиже көрсетіп жатыр екен. Нақтырақ айтсақ, мектеп, ЖОО-лар мен мекемелерде арнайы ұйымдастырылатын мықты мамандардың жалпы дәрісінен, жеке кездесулерден кейін есін жинағандар баршылық. Олар өз ісіне қатты өкінетін сыңайлы.

Осындай іс-шараның бірі Шымкент қаласындағы 10216 әскери бөлімінің командирі тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Дәулетов Ақтас Мақұлбекұлының бастамасымен ұйымдастырылды. Аталған жиында жеке құрам қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасы дмәселелерін зерттеу орталығының маманы, дінтанушы, теолог Кенжебек Рысбековпен кездесті.

Кездесу барысында теолог маман қызмет, дін жолы және отбасылық ахуалға байланысты дәріс оқып, жеке құрам мүшелері тарапынан қойылған көкейдегі сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, дінтанушы адам өміріне ең үлкен зардап тигізетін теріс ағымдағы діни бағыттар екенін барынша жеткізіп, өмірінде, қызмет жолында көрген жағдайларды мысал ретінде келтіріп өтті. Кездесу соңында кәсіби маманның дәрісін ұнатқан әскери қызметкерлер дінтанушыға ұсыныс жасап, алдағы уақытта түрлі тақырыпта жиі-жиі кездесу ұйымдастырылып тұратын болды.

Маман пікіріне сүйенсек, теріс ағымға еріп кетуге көбіне діни сауатсыздық, жүйке жүйесінің депрессияға түсуі себеп болады екен. Әлбетте, өз жолын нақты білмейтін адам неше түрлі сөзбен арбағанның артынан ере кететіні заңдылық. Сол себепті бұл мәселені шешу үшін отбасы мен өскен ортадағы тәрбие, жүректегі иман мен сенім мығым болуы қажет. Ал, ой-сананың беріктігін сақтайтын сіз бен біз, саналы азаматтар екенін естен шығармайық.

Пікір қалдырыңыз