ЖАҢАШЫЛ ОҚУ ОРНЫ

«Бізде де оқырмандарыңыз көп қой. Студенттеріміз Сізді күтіп жүр»-деп қуантты.

Туған жерге табаным тигенде-ақ рухани балам әрі шәкіртім Рахат Арғынбай ұсыныс жасады. 
«Бізде де оқырмандарыңыз көп қой. Студенттеріміз Сізді күтіп жүр»-деп қуантты.
Таң атысымен Silkway Халыкаралық университетінің табалдырығын осылай аттадым.

Кіре берістен-ақ студенттер қошеметпен қарсы алғанына тәнті болдым. Жоғары оқу орны шынында халықаралық стандартқа сай екендігі бірден сезілді. Лекция залдары, кабинеттер заманауи озық әдістермен жабдықталған. Керемет! Мұражайдағы өткеннен сыр шерткен құнды дүниелер қызықтыра түсті. Ұқыпты жинақталыпты.  Универдің негізін салған құрылтайшысы Бахтияр Юнусовтың еңбегі ұшан теңіз екен. Жаңаша даму  жолын қалап, иновациялық технологгияны өркендете, еліміздегі алдыңғы қатарлы оқу орнына жеткізе білген құрылтайшы өмірден ерте озыпты.  Артында өлмейтін іс қалдырған азаматтың бүгінгі ұрпаққа жасаған өнегесі  өшпейтінін ұғындым. Қаншама елге белгілі профессорлар осында қызмет еткенін көріп, абырой биігінің жоғарыда екенін сөзіндім.Қазіргі президент Мадияр Бахтиярұлының жұмысы жүйелі екенін бірден байқауға болады.
 
Жаңадан келіп жатқан ректор Еділханов Артур мырзаға да риза болдым. Кішіпейілдігімен, білімділігімен ұжымды өзіне баурап алған қасиетін байқадым. Қиындығы мол, мағыналы жұмысына табыс тіледім. Арнайы залда  студенттермен өткен кездесуіміз шынайы пікірталасқа ұласты. Білімге құштар жастарды тәрбиелей білген, ілім нәрімен сусындатқан оқу орнына айтар алғысым шексіз деп айта аламын.

Әкім Ысқақ,
Қоғам қайраткері, бірінші шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаты, тұңғыш қазақ тіліндегі заңның авторы, 1997 жылдың " Жыл адамы".
Пікір қалдырыңыз