«Дәрігерлерге мың алғыс!»

Елімізде 15 шілдеден бастап медицина қызметкерлерінің құрметіне «Nur Otan» партиясының «Jas Otan» жастар қанаты «Дәрігерлерге мың алғыс!» республикалық акциясын бастаған болатын.

Төрт айдан астам уақыт аяқтарынан тік тұрып, әрбір науқастың өміріне араша түсуде қажырлылық танытқан дәрігерлерге қандай құрмет көрсетсе де жарасады.

«Jas Otan» ЖҚ Түркістан облыстық филиалы және «Жастар ресурстық орталығы» волонтерлары Түркістан қалалық орталық ауруханасының қауіпті індетпен күресіп жүрген қызметкерлеріне дәрігерлерге арналған алғыс қораптарды табыстады. Іс-шараға қатысқан «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының орынбасары Қалыйма Жантөреева партия тарапынан дәрігерлерге өз алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Ақ желеңді абзал жандар партияға, жастарға өз алғыстарын білдірді.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі.

 

 

Пікір қалдырыңыз