«TURKISTAN BIKE» ҚАЙТА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

«Оңтүстік Қазақстан» газетінің ресми сайты


3 тамыздан бастап Түркістан қаласында «Turkistan bike» велобекеттері қайта іске қосылды. «Түркістан» ӘКК» АҚ мен «Түркістан» ӘКК» АҚ жанындағы «Түркістан» әлеуметтік даму Корпоративтік қоры бастаған «TurkistanBike» автоматтандырылған велопрокат жүйесінің жобасы өткен жылдың желтоқсан айында іске қосылған болатын. Жобаны тесттік режимде іске қосу аясында «Velocity.kz» қоғамдық қоры қала аумағында 40 велосипедке арналған тәулік бойы жұмыс істейтін 5 велобекет орнатты және сату орталығының жұмысын іске қосты. Жобаның әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, қала үшін арнайы тарифтік жоспарлар әзірленді, соның арқасында жүйе барлық қала тұрғындарына қолжетімді. Әрбір стансада велостансалардың орналасқан мекен-жайлары және пайдалану тарифтері бойынша ақпарат орналастырылған.

          Жалдау құны:
– 0-30 минут дейін – тегін;
– 31-60 минут дейін – 100 теңге;
– 61-120 минут (2 сағатқа дейін) – 250 теңге;
– 121-180 минут (3 сағатқа дейін) – 500 теңге;
– 181 минуттан бастап әр келесі пайдалану сағаты – 1000 теңгені құрайды.

          Егер картада ақша таусылып қалған жағдайда оператормен телефон арқылы тілдесіп, шотты толтыруға болады. Жалпы, қала бойынша 5 тұрақта 80 тіркеу орны мен 40 велосипед қойылған.



Велотұрақтар «Гүлдер саябағында», Н. Назарбаев аллеясында (Пирамида іспетті полиция пунктінің жаны), Әуенді субұрқақ маңында, Түркі бағында және Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ жанында орналасқан.

Пікір қалдырыңыз