КӨҢІЛ АЙТАМЫЗ

Техника ғылымының докторы, ҚР ИА академигі, ХИА корреспондент мүшесі, ҚР ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің  профессоры Молдабеков Шаяхмет Молдабекұлының дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.

М.Әуезов атындағы ОҚУ ұжымы

 

Молдабеков Шаяхмет Молдабекұлы

Молдабеков Шаяхмет Молдабекұлы Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданы, Шұбар елді- мекенінде 1939 жылы 10 қаңтарда туылған.

1961 жылы Мәскеудің химиялық машина жасау институтын, 1968 жылы Мәскеу қаласындағы Инсекторунгиицидтер мен тыңайтқыштар ғылыми- зерттеу институтының аспирантурасын бітіріп, «Бейорганикалық заттардың технологиясы» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғап шыққан. 1984 жылы Д.И.Менделеев атындағы Мәскеу химия-технологиялық институтында «Фосфор өндірісіндегі фосфор, фтор және күкірт құрамды газдарды айыру жолдары» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.

1968-1989 жылдар арасында Ш.Молдабеков Қазақ химия-технологиялық институтында ассистент, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды.

1975-1980 жылдары институттың ғылыми істер жөніндегі проректоры, 1980-1987 жылдары ректоры болды.

Ш.Молдабековтің экологиялық мәселелерді шешу жолдары мен табиғат ресурстарын игеру тәсілдері сараптамадан өтіп, Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Украинаның түрлі химиялық кәсіпорындарында өндірістік қолданысқа енгізілген.

Ш.М.Молдабековтің жетекшілігімен 30 шақты кандидаттық, 10-ға тарта докторлық диссертаңия қорғалды. Ғалым - 350 ғылыми еңбектің, оның ішінде 8 монографияның, 5 оқулық пен оқу құралының, 80 өнертапқыштық жаңалық патентінің авторы.

 

Пікір қалдырыңыз